«АйКүн» бөбекжай - балабақшасы

ЖШС «АйКүн» бөбекжай - балабақшасы 2022 жылдың шілде айынан бастап мемлекеттік тапсырыс алған балабақша. Балабақшада мемлекеттік тапсырыс негізінде 3 топ, 68 бала бар. Оқу-тәрбие жұмысы мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Педагогикалық сапалық құрам білікті тәжірибелі  педагогтардан құрылған.

«АйКүн» бөбекжай - балабақшасы тәрбиелеу-білім беру қызметін:

  • «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
  • «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына;
  • «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);
  • «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы);
  • Мектепке дейінгі ұйымдар үшін әзірленген, өңірлік әдістемелік орталықтың ғылыми кеңесінде бекітілген және қолдануға ұсынылған білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.

Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша:

  • физикалық дамыту;
  • коммуникативтік дағдыларды дамыту;
  • танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
  • шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту;
  • әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы
  • іске асырылады.
Как записаться в наш садик?
наша деятельность

Как записаться в наш садик?

ТОО Ясли - детский сад «АйКүн» - это опытные педагоги с большим стажем и высокими достижениями! Учебно - воспитательный процесс ведется на государственном и русском языках.